04-12-18 |
1060 рет қаралған
Қазақстан спутниктерін тасымалдайтын Falcon 9 зымыраны ұшырылды.
Калифорниядағы (АҚШ) Ванденберг базасында 4 желтоқсанға қараған түні бортында 60-тан астам микроспутнигі бар Falcon 9 зымыран тасығышын ұшырды.

Falcon 9 зымыраны 17 елдің 64 спутнигін ғарышқа жеткізеді. Ондағы екі спутник Қазақстанға тиесілі.

Видео: Қазақстан Falcon 9 зымыранымен спутник ұшырды

Зымырандарды қазақ-британ инженерлер командасы жасаған. Оның бірі – салмағы 100 кг, жерді қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін микроспутник, екіншісі – Жердің ионосферасын зерттеуге мүмкіндік беретін, салмағы бес келі наноспутник.   

Оқи отырыңыз: Ғарыш саласында Ресей АҚШ-тан қалып барады

Бұған дейін Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұлов «бұдан бұрын спутниктерін ұшырып жүрген ресейлік «Днепр» бағдарламасының жабылуына байланысты Қазақстан өзге елдің зымыран-тасығышын іздеуге мәжбүр болғанын» айтқан.

– Бұл – нарық. Арзан, өзімізге лайықты зымыран іздедік. Кейін «Falcon 9» зымыраны, SpaceX компаниясын таңдадық. Алдын ала дайындығы, сақтандыруы бар, 1 миллион 300 мың – 1 миллион 400 мың долларға түсті. Бұл өте арзан баға деуге болады. Себебі, бірден екі жер серігін ұшырамыз. Бір зымыранмен бір жер серігін ұшыру 10-30 миллион долларға дейін қымбаттап кетуі мүмкін. Ал біз спутникті басқа елдердің жер серіктерімен бірге ұшырайын деп отырмыз, – деген министр Атамқұлов.

Былтыр Ресей Байқоңырдан 12 зымыран ұшырды (2016 жылы -11, 2015 жылы -17). Қазақстанның аэроғарыш комитетінің ақпараты бойынша, биылға 17 старт жоспарланған. 2018 жылдың 10 айында төртеуі ұшырылды.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.