26-11-18 |
1550 рет қаралған
Қазақстан тумасы Омбыда мэрия есігіне от қойды деген күдікке ілінді.
Ресейде Омбы қаласы мэриясының кіреберіс есігін өртемек болды деген күдікпен ұсталған адам – Қазақстан тумасы. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

23 қараша күні Омбыда жергілікті тұрғын биліктің саясатына қарсы шығып, қала мэриясының есігін өртеген. «СуперОмск» сайтының хабарлауынша, әуелде тұрғын мэрияға кірмек болған, бірақ оны ішке өткізбеген. Сосын ол сыртқа шығып, кіреберіс есікке жанғыш сұйықтық шашып, өрт қойған.

Бұдан соң оқиға орнынан қашқан күдікті қалтасынане паспортын түсіріп алған. Полиция оны паспорты арқылы арқылы тез тауып алған. Мэрия есігін өртеген адам 1992 жылы Теміртау қаласында туып, сол жерде өскен, кейін Ресей азаматтығын алған. Ол Ресейдің саясатымен келіспейтінін мәлімдеген. Облыстық ішкі істер басқармасы бұзақылық, вандализм және бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру баптары бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Мэрия қызметкерлері өртті дереу сөндіріп үлгерген. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ, тек есікті бояуы ғана бүлінген.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.