Қазақстан Мұхтар Әблязов, Бергей Рысқалиев пен Виктор Храпуновты Еуропа Кеңесінің (ГРЕКО) жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүшелігі есебінен елге қайтаруға үміттенеді. Деп жазады ҚазТАГ агенттігі.
« ГРЕКО-ға мүшелік Еуропа елдерінің құқыққорғау органдарымен тиімді іскерлік қарым қатынас орнатуға Қазақсатан үшін маңызды қадам. Бірақ ГРЕКО экстрадиция мәселесін қарастырмайды. Өз баяндамамда және тұсаукесерде бұл еуропалық конвенцияларға одан әрі қосылуға жол ашатын алғашқы қадам деп айттым. Оның бірі өте маңызды (Еуропа Кеңесінің конвенциясы – КазТАГ) – жемқорлыққа қылмыстық жауапкершілік туралы. Бұл конвенцияны ратификациялаған жағдайда болашақта жағдайымыз жақсарады, шетелде іздуде жүрген қылмыскерлерді экстрадициялау және заңсыз активтерді қайтару мүмкіндігі артады», – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов бейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып, мәлімдеді.
Оның сөзінше қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлыққа қатысы бар қылмыскерді іздеуде, олардың 33 шетелде. Құзырлы орын өкілінің сөзінше іздестіру жүргізіліп жатыр. Іздестірілгендердің арасында танымал тұлғалар да бар екенін айтты Олжас Бектенов журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында.
«Олардың арасында Әбләзов та, Рысқалиев та, Храпуновта бар және басқа да тұлғалар бар», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
Еуропа Кеңесінің (ГРЕКО) жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы 1999 жылы құрылған, мақсаты Еуропаның алдыңғы қатарлы елдері негізінде ұйымға мүше елдердің жемқорлыққа қарсы саясаттын жетілдіру. ГРЕКО-ға 49 ел мүше. Олардың ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Швеция, Норвегия және басқалар. Бұрынғы Кеңес елдерінен ұйымға Ресей, Әзербайжан, Грузия, Украина, Молдова, Беларусь кіреді. Ал Қазақстан екінші өтінімінен қабылданды.