Мәжіліс депутаттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден Кодексін ратификациялады, деп хабарлайды arasha.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Аталған құжат экономикалық одаққа мүше бестіктің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруды көздейді. Одақтың алғашқы кедендік құжаты 2009 жылы қабылданды.
Жаңа кодекстің артық тұсы кедендік рәсімдердің автоматтандырылатындығында. Мұнымен қатар, электронды декларация жүйесі енгізіледі. Бұның барлығы кедендегі жемқорлықтың жолын кеседі. Аталған құжат 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Жаңа кодекске сәйкес, енді кедендік транзитке 24 сағаттың орнына төрт сағат қана жұмсалатын болады. Бұдан өзге транзиттiк жүктердi тексеру мерзiмi 10 күннен 5 күнге дейiн қысқарды.