02-10-18 |
3260 рет қаралған
Қазақстандықтар 175 кг алтын сатып алған.
Қазақстандықтар 175 кг алтын сатып алған

Қазақстандықтар банктерден 175 кг алтын сатып алған. Данияр Ақышев халық арасындағы алтын саудасы бағдарламасының қорытындысын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 15-орында тұр. Елімізде алтын өндірісінің көлемі артты «2017 жылы мамырда Ұлттық банк халық арасында алтын құймасын сату бағдарламасын бастаған болатын. Оның аясында 10,20,50,100 граммдық құймалар сатылымға шығарылды. Бүгінде екінші деңгейлі банктер жалпы салмағы 175 келі болатын алтын сатты. Бір жылдан аса уақыт ішінде біз жоспарланған алтынның барлығын дерлік саттық. Себебі, біз бағдарламаның басында 180 келі алтынды таргеттейміз деп болжаған едік», – деді Данияр Ақышев. Оның айтуынша, алтын саудасының көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Одан бөлек, Әділет министрлігінде тіркелген соң алтынды айырбастау пунктілері де сата алады.  Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкі салмағы 12-13 келі болатын алтын құймаларды сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.  «Бірақ оны екінің бірі сатып ала алмайды. Өйткені, алтын құймалары өте үлкен, салмақты. Сондықтан, жаппай елдің бәрі осы операцияны пайдаланады деп айта алмаймын», – деді Ұлттық банк басшысы.

Дереккөз: turkystan.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.