Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер төлем қабілеті төмен азаматтарға кредит беруді доғаруы үшін тұтынушы кредиттерін беру талаптарын қатаңдатады. Бұл туралы парламент мәжілісі сайтында жарияларған депутаттық сауалған жолданған жауапта жазылған.
«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгертілді – кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен
төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салу енгізілді, сондай-ақ банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптар күшейтілді, бұл банктердің кепілсіз тұтынушылық қарыздарды, әсіресе кірісі төмен азаматтарға беруіне экономикалық ынтасын төмендетеді» деп жазылған жауапта.
Сонымен қатар, 90 күннен аса мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша тұрақсыздық айыбы мен комиссияларды есептеуге тыйым салу жөнінде заңнамалық актілерге түзетулер әзірленді. Осы арқылы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешектің үздіксіз өсуі шектелетін болады.
3 шілдеде Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халыққа қарыз беретін барлық заңды тұлғаларға қатысты реттеу мен қадағалауды енгізетін заңға қол қойған болатын. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев та 23 шілдеде Үкімет отырысында қарыз беру кезінде қарыз алушының барлық міндеттемелері, оның төлем қабілеттілігі мен әлеуметтік мәртебесі есепке алынатынын түсіндіріп өтті.
Еске салсақ, 26 маусымда президент көп балалы отбасыларға; асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын, мүгедек балалары, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектер бар отбасыларға; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кепілсіз кредиттерді Үкімет өтейтін Жарлыққа қол қойды.
Тоқаев 500 мыңға жуық қазақстандықтың кредиттерін Үкімет өтейтінін, 255 мың адамның қарызы толығымен жабылатын болатынын, қалған қарыз алушылардың қарызы ішінара (300 мың теңге көлеміндегі қарызы кешіріледі) өтелетінін айтқан.
Соңғы жылдары байқалған тұтынушылық кредиттеудің қарқынды өсуі бүгінгі күні баяулады деп хабарлайды Ұлттық банк. Тұтынушылық кредиттеудің кепілсіз сегментіндегі берешектің өсуі 2017 және 2018 жылдары жылына сәйкесінше 31% және 28%-ды құрады. Ағымдағы жылдың 10 айында кепілсіз тұтынушылық қарыз портфелінің өсуі небәрі 8%-ды құрады. Осы кезең ішінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 16%-ға өсті, бұл кепілсіз қарыздар бойынша берешектің өсуінен екі есе көп.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024