27-11-18 |
1000 рет қаралған
Азаттық жобасы дін тақырыбындағы БАҚ материалы байқауында жүлде алды.
Азаттық Радиосының «Біздің атымыздан емес» жобасы дін саласындағы өзекті мәселелерге қатысты үздік шығармалар байқауында «Ең үздік телевизиялық бағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Байқауды Ұлттық журналистік орталығы Алматы қалалық дін істері басқармасының әлеуметтік маңызды жобалары негізінде ұйымдастырған.

Байқау «ең үздік әлеуметтік ролик», «ең үздік радиобағдарлама», интернет ресурстарындағы қазақ, орыс тілдеріндегі ең үздік мақала», «мерзімді басылымдардағы қазақ және орыс тілдеріндегі ең үздік мақала», «әлеуметтік желілердегі ең белсенді қолжетімді топ», «ең белсенді блогер» номинациялары бойынша өтті.

Жүлде алған БАҚ арасында КТК, «31 арна» телеарналары, Sputnik Kazkahstan ақпарат агенттігі, мемлекеттік ақпарат құралдары бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау «Қазақстан қоғамында жат діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру», діни экстремизмнің алдын алу, «теріс діни топтардың идеологиясы мен олардың зиянын әшкерелеу», дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру мақсатында өткізіліп отыр. Байқауға 50-ден астам журналистен 120-дан астам публицистикалық материал түскен.

Байқау жеңімпаздарына грамотамен бірге ақшалай жүлде табысталды.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.