Гутерриштің сөзінше, Педерсен Сириядағы жеті жылға созылған соғыстың аяқталуына үлес қосып, БҰҰ-ның «қақтығысты саяси жолмен шешу талпынысына» жәрдемдесе алады. Гутерриш халықаралық қауымдастық пен Сирия билігін Педерсенге «жан-жақты қолдау көрсетуге» шақырды.
Қазір Гейр Педерсен Норвегияның Қытайдағы елшісі қызметін атқарады. Бұған дейін ол Норвегияның БҰҰ-дағы елшісі болған.
БҰҰ-ның Сирия мәселелері бойынша өкілі Стаффан де Мистура бұған дейін қарашаның соңында «жеке себептерге байланысты» қызметінен кететінін жариялаған.