АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қаржы министрлігі БАҚ-тағы Иранға салынатын санкцияны жеңілдетуге қатысты ақпаратқа комментарий бермеді. Bloomberg-тің мәліметінше, санкция шарттарының өзгеретіні туралы ресми түрде қарашаның 2-і күні жария болады. Агенттік жеңілдік уақытша ғана жасалатынын айтады. АҚШ жеңілдік жасалған елдер келешекте Ираннан мұнай сатып алуды қысқартады деп үміттенеді.
Вашингтон биыл мамырда Батыс елдері Иранмен 2015 жылы жасаған ядролық бағдарламаны дамытпау келісімінен шығып кеткен соң бұрынғы санкцияларды қайта салып жатыр.
АҚШ пен Израиль билігі президент Барак Обама кезінде жасалған ядролық келісім ирандықтардың ядролық қару жасауға құпия түрде қаржы жинауына мүмкіндік тудырды деп біледі. Тегеран бұл айыпты терістейді. Еуропа Одағы Иранмен жасалған келісімді қолдап, АҚШ-тың өз бетінше салған санкциясынан айналып өту шараларын дайындайтынын мәлімдеген. Ресей мен Қытай да Иранмен ядролық келісімді сақтап қалуды қолдайды.
Оқи отырыңыз: Қытай мен Үндістан Ираннан мұнай ала бермек
АҚШ-тың Иранның мұнай саласына салған санкциялары қарашаның 5-інде күшіне енеді.