05-11-18 |
1030 рет қаралған
БАҚ: Ким Чен Ын таяуда Ресейге сапарлауы мүмкін.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын қарашада Ресейге сапарлауы мүмкін. Бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігі Оңтүстік Кореяның Ресейдегі елшісі У Юн Гынге сілтеме жасап хабарлады.

Елшінің сөзінше, Мәскеу бұған дейін Ким Чен Ыннен Ресейге осы жылдың соңына дейін сапарлап қайтуды сұраған. Дипломат Солтүстік Корея сапар мерзімі мен уақытын және келіссөзде талқыланатын мәселелерді талқылап жатқанын айтады. 

Ким Чен Ынның Ресейге сапарынан соң Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға бармақ.

Биыл 31 мамырда Солтүстік Кореяға Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров барған.

Маусым айында Сингапурде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ким Чен Ын бірінші рет кездескен. Оның қорытындысында Корей түбегін ядролық қарусыз аймаққа айналдыру туралы декларацияға қол қойылған. Қазанның басында Трамп Ким Чен Ынмен 6 қарашада өтетін Конгресске аралық сайлаудан соң кездесуі мүмкін екенін хабарлаған.

Ал бірнеше күн бұрын Пхеньян АҚШ егер Солтүстік Кореяға салған экономикалық санкцияларын жоймаса, ядролық бағдарламасын жалғастыратынын ескерткен.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.