04-12-18 |
2080 рет қаралған
Байқоңырда апаттан кейін алғашқы «Союз» кемесі ұшырылды
.
Бүгін Астана уақытымен сағат 17:30-да Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық ғарыш станциясына үш ғарышкері бар «Союз» кемесі ұшырылды. МКС-58/59 ғарыш экспедициясының негізгі экипажы құрамында ресейлік ғарышкер Олег Кононенко, канадалық астронавт Давид Сен-Жак пен америкалық ғарышкер Энн Макклейн бар. Бұл 11 қазан күні Байқоңырдан ұшқан «Союз МС-10» кемесі апатқа ұшырағаннан бергі ғарышқа көтерілген ең алғашқы кеме. Кеменің ұшырылуынан «Роскосмос» тікелей эфирде хабар таратып жатыр.

Тікелей эфирді көріңіз:

«Роскосмостың» хабарлауынша, кеме орбитаға сәтті шыққан. Халықаралық ғарыш станциясына алты сағаттан соң жетеді.

Қазанның 11-і күні Байқоңырдан «Союз МС-10» кемесін тіркеп ұшқан «Союз-ФГ» зымыран тасығышы апатқа ұшыраған. Әуеге көтерілген соң көп ұзамай апаттық жүйе іске қосылып, соның арқасында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг отырған капсула Байқоңырдан шамамен 500 километр қашықтыққа қонған. «Роскосмос» мәліметінше, апатқа зымыранның бірінші және екінші басқышын ажырататын датчиктің ақауы себеп болған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.