Ресейлік тележүргізуші әрі блогер Сергей Мардан дәл қазір Мәскеу мен Баку арасындағы болып жатқан шиеленіске байланысты өзінің телеграм арнасында әзербайжандықтарды айыптап пост жазған.
Тағы оқыңыз: Ресей Әзербайжанмен арадағы кикілжіңді батыс елдеріне жауып отыр

Мәтіннің сөзбе-сөз қазақша аудармасын ұсынамыз:
Мақтанышқа толы 10 миллион халқы бар Әзербайжан өзін нағыз әскери держава ретінде сезіне бастады және 200 жылдық отарлық кезеңді еске түсіруде.
Ресей бұрынғы КОКП Орталық Комитеті Саяси бюросы мүшесінің ұлына (Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев меңзеліп отыр) қарулы емес Қарабақты «жеңуге» мүмкіндік берді. Алайда штыкпен (әскери күшпен) қамтамасыз етілмеген мейірбандық – Азияда бағаланбайды.
Енді Каспий теңізіндегі кеме қатынасы мен мұнай өндіру қауіпсіздігі туралы ойланатын уақыт келді.
Сонымен қатар, Ресей қалаларында өзін үйіндегідей сезініп жүрген 2 миллион әзербайжандық саудагердің салық төлеуі туралы мәселені де көтеру керек.
Айтпақшы, Баку әрдайым орыс қаласы болған. Одесса сияқты.
Тағы оқыңыз: Әзербайжан Ресейдегі азаптаулар бойынша қылмыстық іс қозғады