arasha.kz

Балаларды митингіге қатыстырғандар жазалануы мүмкін

Ресейде кәмелет жасына толмаған балаларды рұқсат етілмеген митингілерге қатыстырғандар айыппұл төлеп я қамалуы мүмкін. Әкімшілік кодекске енгізілген бұл өзгерісті Мемлекеттік дума алғашқы оқылымда мақұлдады.

Заңды бұзғандар 30-бен 50 мың рубль көлемінде айыппұл төлеуге, немесе 100 сағатқа дейін міндетті жұмыс істеуге, немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Заңбұзушылық екінші рет қайталанған жағдайда айыппұл – 300 мың рубльге, міндетті жұмыс уақыты – 200 сағатқа, ал әкімшілік қамау мерзімі – 30 тәулікке жетпек. 

Лауазымды тұлғаларға салынатын айыппұл сомасы – 600 мың рубль, ал «заңды тұлғаларға – миллион рубль» деп белгіленген.  

Заң жобасын «Единая Россия» фракциясының 69 мүшесі дайындаған.

Azattyq.org

Exit mobile version