13-12-18 |
1420 рет қаралған
Басқа елге кеткен мыңдаған қазақстандық «төлқұжатын өткізбеген»
.
Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың сөзінше, жыл басынан бері 15 260 қазақстандық өзге елдің азаматтығын алған және Қазақстан паспортын өткізбеген. Бұл мәлімдемені ол 12 желтоқсан күні Парламент мәжілісінің отырысында айтты. Министрдің мәлімдеуінше, 550-ден астам адам әкімшілік жауапқа тартылған, 102 адам елден шығарылып, қалғандарына айыппұл салынған. 

Қасымов мәжіліске Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы көші-қон мәселесіне қатысты заң жобасын алып келді. Заңда статистикалық және құқықтық ақпарат алмасу жағы қарастырылған. Бұған дейін екі ел үкіметаралық келісім жасасқан. Тәжікстан жағы келісімді шілде айында бекіткен. 

Министр «келісім аясында алдымен «қос азаматтық» мәселесін шешіп алу керек» деді.  Оның сөзінше, қазір постсоветтік елдермен, соның ішінде Ресеймен де осыған ұқсас келісім жасау жоспарда бар. Қасымовтың айтуынша, көрші елге көшіп кеткендер Қазақстан билігіне Ресей азаматтығын алғанын ескертпейді. 

Мәжіліс отырыста министр алып келген заң жобасын ратификациялап, Сенаттың қарауына жіберді. 

Қазақстан мен Тәжікстан заңдарында қос азаматтыққа тыйым салынған. Ресейде мұндай шектеу жоқ. 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.