
Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжанов әлеуметтік желіде тараған Бергей Рысқалиевтің видеосына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат
«Әрине, біз ол видеоны көрдік. Енді, ол – xалықаралық іздеуде жүрген азамат. Бәріңіз білесіздер, Қазақстанда оған қатысты қылмыстық іс бар. Сондықтан оның жауапкершілігі әлі де қаралады. Өкінішке қарай, бізде Ұлыбританиямен қашып кеткен азаматтарды бір-бірімізге беруге қатысты келісім жоқ. Бірақ біздің барлық құқықтық сұрауларымыз Интерполға да, бәріне жан-жақты жіберілді» депті ол.
Бергей Рысқалиев мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталып, 17 жылға сырттай сотталған.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025