Bellingcat зерттеу тобы кеше өзінің дереккөздеріне сүйеніп, «Александр Петровтың» шын аты Александр Мишкин екенін, оның Архангельск облысының Лойга кентінде туғанын хабарлаған. Ол Ресей әскери барлау қызметінің (ГРУ) әскери дәрігері және қызметкері саналады.
BBC тілшілері Лойганың үш тұрғынымен сөйлескен, олардың екеуі Мишкинді оның Bellingcat жариялаған паспортынан және «Петров» деп жарияланған суреттен таныған.
BBC тілшісі сөйлескендердің бірі Мишкиннің жақсы оқығанын, музыкаға әуес болғанын және кентте диджей болғанын айтқан. BBC мәліметінше, кейін ол Санкт-Петербургте әскери медицина академиясында оқыған болуы мүмкін. Bellingcat өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Мишкиннің 2010 жылдары Мәскеуге көшіп кеткенін хабарлайды. Сол уақытта ол «Петров» деген текке паспорт алған.
Bellingcat бұған дейін Ұлыбритания Скрипальдерді улады деген екінші күдікті «Руслан Боширов» – ГРУ полковнигі, Ресей Батыры атағын иеленген Анатолий Чепига деген адам деп қорытынды жасаған.
Қыркүйектің басында Ұлыбритания билігі биылғы наурыздың 4-і күні Солсбери қаласында Сергей Скрипаль мен қызы Юлияға қарсы жүйкені жансыздандыратын аса улы зат қолдануға күдікті саналатын екі ер адамныңбейнебақылау камерасы түсірген фотосуретін жариялаған. Полиция мәлімдемесінде ол екі адамның Ұлыбритания аумағына «Руслан Боширов» және «Александр Петров» деген ресейлік азаматтарға берілген паспортпен келгені айтылған.
Оқи отырыңыз: The Insider мен The Bellingcat: «Руслан Боширов» – ГРУ полковнигі Анатолий Чепига»
Ал «Петров» пен «Боширов» RT телеканалына өздерінің «қарапайым кәсіпкерлер» екенін, Солсбериге «турист ретінде барғанын» мәлімдеген.
Мәскеу Сергей мен Юлия Скрипальдерге жасалған қастандыққа қатысы барын жоққа шығарады. Ресей президенті Владимир Путин «Петров» пен «Бошировты» «қарапайым адамдар» деп атап, олардың ісінде «ешқандай қылмыс жоқ» деп мәлімдеген.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024