arasha.kz

Bek air басшысы: Апатқа кінәлілерді жазалау мәселесі туындаса өзім түрмеге отыруға дайынмын, бірақ жігіттерімді қорғаймын

Фото: видеодан скриншот

Фото: видеодан скриншот

Bek Air әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Дмитрий Дубовицкий есімді блогерге берген сұхбатында Алматыда болған ұшақ апатына қатысты біреуді жазалау керек болса қарамағындағыларды қорғап, өзі жаза тартатынын айтты.  Сұхбат «За нами уже выехали»  YouTube каналында жарияланды.

«Ұшқыш жағдайды басқара алды. Егер компанияны кінәлі деп тапса, жігіттерімді қорғаймын. Олардың бәрі үшін өзім отырып шығамын. Бірақ олардың, қарамағымдағылардың ешқайыссы түрмеге отырмайды. Қаза тапқан ұшқышты да қорғаймыз, себебі ол ұшақты басқарғанын көрдік. Оның басшылары, ұшу-инженерлі қызметті де қорғаймын. Егер Bek Air-ден біреу жазалануы керек десе, онда жазаны көтеруге, шын жүректен мойындау жазуға дайынмын. Түрмеге мені отырғызыңдар, басқа ешкімді отырғызбаңдар. Бұған дайынмын», – дейді Нұрлан Жұмасұлтанов.

Exit mobile version