30-12-19 |
1510 рет қаралған
Bek air ұшақ апатынан зардап шеккендерге өтемақы төлей ме?.
Bek air ұшақ апатынан зардап шеккендерге өтемақы төлей ме?

Бүгін Bek air компаниясының баспасөз мәслихаты өтіп, журналистер компания басшыларына bek air тарапынан 27 желтоқсандағы ұшақ апатынан зардап шеккендер мен олардың туыстарына қандай да бір көмек көрсетіле ме, өтемақы төлене ме деп сұраған еді, олар bek air шығындарды есептеп жатқанын ғана айтып, сақтандыру компаниясы өтемақы төлейтінін жеткізді.

-«Amanat сақтандыру компаниясы Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатында қаза тапқандардың жақындарына және зардап шеккендерге өтемақы төлейтіндерін хабарлады. Апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағы осы компанияда сақтандырылған. Бізде қазір нақты шығын туралы ақпарат аз. Ақпарат алу қиын болып жатыр. Барлық шығын есептеліп жатыр», -деп айтты компания өкілдері.

Ал сақтандыру компаниясы аман қалған жолаушыларға ешқандай өтемақы төлемейміз деді, bek air оларға моралдық шығын өтей ме деген тілшілердің сұрағына компания өкілдері шығын есептеліп жатқанын ғана айтты. Бірақ bek air тарапынан қандай да бір қаражат төленетіндігі туралы компания басшылары айтпады.

Айта кетейік, Amanat сақтандыру компаниясы ұшақ апатынан денсаулығына зардап келген жолаушылардың ем-домына кеткен шығыны ретінде 200 АЕК (505 мың теңге), апаттан кейін мүгедек болып қалғандарға 2500-5000 АЕК (6 млн 312 мың тг – 12 млн 625 мың тг), қаза болғандардың жақындарына 5000 АЕК (12 млн 625 мың тг) өтемақы төлейтінін мәлімдеді.

27 желтоқсанда Алматыда Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты. Көп адам зардап шекті.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.