Қасым -Жомарт Тоқаевқа Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғали өңірдің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндады.
Берік Әбдіғали экономиканы әртараптандыру ісін жеделдету үшін арнайы экономикалық аймақ құру қажет екенін айтты. Экологиялық ахуалдың нашарлауы, аймақ арқылы өтетін республикалық жолдардың тозуы, экономиканың әртараптандырылмауы немесе ірі кәсіпорынға тәуелділік, инженерлік коммуникация жүйелерінің ескіруі және әлеуметтік сала өңірдің негізгі проблемалары ретінде аталып өтті.
Өңір әкімінің деректеріне сәйкес, облыс орталығындағы тұрғын үйлердің 33 пайызы ескірген. Қазір тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Сонымен қатар, 2022-2023 жылдары қаланың жаңа ауданында көп қабатты 20 тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
Жезқазған қаласының және Ұлытау облысының жағдайымен танысқан Президент өңірді дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы, ең алдымен жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту қажет екенін ескертті. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен облыс әкімдігіне жол мәселесіне, экологияға, білім саласын дамытуға күш салуды тапсырды.
«Қала барлық жағынан тартымды болуы керек. Жұмыс өте көп. Мен Жезқазғанның, облыстың ең көрікті өңір болатынына сенемін», – деді Президент.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024