Қазақстан президентінің жарлығымен Мәдина Әбілқасымова Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Ақорда» ресми сайты жариялады.
«Мемлекет басшысының Өкімімен: Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды» деп жазылған Ақорда сайтында.
Еске салсақ Мәдина Әбілқасымова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған.
Үстіміздегі жылы ақпан айында Астанада бір отбасының бес баласы пештен шыққан өрттен қаза тапқан. Үйде өрт шыққанда балалардың ата-анасы жұмыста болған. Жалдамалы «Времянкада» тұратын отағасы мен отанасы балаларын асырау үшін балаларды қараусыз қалтырып, түнде жұмыс істеуіне тура келген. Осы оқиғадан кейін қоғамда жаппай наразылық туып, елдің әр аймақтарында көп балалы аналар әлеуметтік талаптар қойып, әкімдіктерге жиналды.
Наразылыққа шыққандар сол кездегі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың қызметінен кетуін талап еткен. Осы оқиғадан кейін үкімет ауысып, Мәдина Әбілқасымова да министрлік қызметінен кеткен.
12 наурызда ол Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024