06-12-18 |
990 рет қаралған
Бішкек белсенділері Қытайдағы аз ұлттар жайына назар аударуды сұрады.
Қырғызстандағы Біріккен ұлттар ұйымының үйі алдында бірнеше белсенді Қытайда қамалған этникалық қырғыздар, қазақтар мен басқа да аз ұлттар мәселесіне назар аударуды талап етіп пикет өткізді.

Акцияны ұйымдастырғандар «Қытайдағы этникалық азшылық қудалауға ұшырайтынын» айтып, БҰҰ мен халықаралық қауымдастықты реакция білдіруге шақырды. Олар БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутеррешке Қытайдағы этникалық азшылықтың мәселесін Қауіпсіздік комитетінің жиынында қарауды сұрады.

Наразылар Қытай билігінен этникалық қырғыздар мен қазақтарды, ұйғырларды қудалауды доғаруға шақырды.

Оқи отырыңыз: Қытайдағы құпия лагерьлер жайлы не білеміз?

Азаттықтың қырғыз қызметінің жазуынша, БҰҰ өкілдері пикеттің бес қатысушысын қабылдамақ. 

Қытай этникалық азшылық өкілдерін саяси лагерьлерге топтап қамайтыны жайлы Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары мен түрлі елдердің баспасөзі екі жылдан бері жазып келеді. Пекин саяси лагерьлерді «тегін кәсіп үйрену орталықтары» деп сипаттайды. Олардың айтуынша, мұнда отырғандар «мамандық игеріп, Қытай заңдарын біліп шығады». Түрлі деректер бойынша, лагерьлерде қамауда отырғандар саны миллионға жуықтайды. 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.