19-12-18 |
5570 рет қаралған
Биыл 198 мыңнан астам адам прокуротураға шағымданған.
Биыл 198 мыңнан астам адам прокуротураға шағымданған

Жыл басынан бері прокуратура органдарына азаматтар мен заңды тұлғалардан 198 мыңнан астам өтініш келіп түсіп,  нәтижесінде арызданушылардың 18 мыңнан астамының құқығы қорғалды, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасы.

Анықталған заң бұзуларды жою үшін 300-ден астам прокурорлық қадағалау актілері ұсынылды.

Биыл 27 мың адам құқықтық көмек алған. Покурорлар 63 мың азаматтарды жеке қабылдаған, олардың 28,5 мыңы прокуратура органдары басшыларының қабылдауында болды.

Прокуратура органдарына арызданушылардың 45 % (90 мың) қылмыстық процесстің сотқа дейінге сатысындағы мәселелері, 22 % (43 мың) – әлеуметтік-экономикалық сала және 12 % (23 мың) қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот актісіне келіспеушілікпен байланысты.

Қанағаттандырылған өтініштердің ең көбі немесе 54% (10 мың) – алдын ала тергеу органдарының актілері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы шағымдар.

Өтініштердің үштен бірі (70 мың) басқа құзыретті органдарға және ведомстволарға қарау үшін жіберілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.