Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі карантинге байланысты 42 500 теңге төлеудің биыл жоспарланбағанын айтты.
«Шектеулі шаралар Қазақстанның белгілі бір аймағында енгізілген. Кәсіпкерлікті қолдау бүгінде түрлі салық жеңілдіктерімен (салық және басқа есеп беру, тексеру қызметіне мораторий) ұсынылған. Осыған байланысты, бүгінгі күнге дейін 42 500 теңге төлеуді қалпына келтіру туралы мәселе қарастырылмаған», – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Министрлік төтенше жағдай мен карантинге байланысты қызметке қойылған шектеулерге байланысты кірістерін жоғалтқан жұмыстағы азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жасалғанын еске салды. Ол кезде 4,6 миллионнан астам адам бұл төлемді алды. Оның жалпы сомасы 476,3 миллиард теңгеге.