Қазақстандықтар биыл қажылыққа бара алмайды. Сауд Арабиясы тек вакцинациядан өткен адамдарға кіруге рұқсат берді. Бірақ QazVac және «Спутник V», тіпті Hayat-Vax вакциналары бекітілген тізімге енбеген.
Біріккен Араб Әмірлігі қажылық барлық санитария нормалары мен шектеулерді сақтай отырып өтетінін хабарлады.
Әзірге қанша мұсылманға қажылыққа баруға мүмкіндік берілгені туралы нақты ақпарат жоқ. Белгілісі, Біріккен Араб Әмірлігіне Pfizer, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna препараттарын салған шетелдіктер ғана кіре алады.
Жағдайды қиындататын тағы бір нәрсе – ел билігі қажыларды тек тікелей рейстермен жеткізуді талап етті. Қазақстанда мұндай мүмкіндік жоқ.
Айта кетейік, биыл қажылық 17 шілдеде басталады.