11-11-18 |
4910 рет қаралған
Биыл жұмыс іздеушілердің 75% айлығы 50 мың теңгеден төмен жалақыға келісім береген.
Биыл жұмыс іздеушілердің 75% айлығы 50 мың теңгеден төмен жалақыға келісім береген

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ еңбек нарығындағы ахуалдың мониторингі нәтижесіне сүйене отырып 2018 жылдың  9 айы бойынша жұмыс берушілер жалақысы төмен жұмыс орындарын ұсынуда, деген қорытындыға келді. Мониторинг деректері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Қазақстанда жұмыс істейтін 200 жұмыспен қамту орталығына 2018 жылдың 9 айында 543,6 мың адам келді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,1 мың адамға көп. (немесе 6,5%).

Жұмыс іздеп жүрген азаматтардың 48,8% әйелдер, 38% 29 жасқа дейінгі жастар, 17,7%  өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

Тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілгендер саны 294,5 мың адамды құрады, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 81,7 мың адамға көп. (немесе 38,4%)

Азаматтардың орналасқан жұмыстарына жасалған талдау, жұмыс берушілердің жалақысы төмен жұмыс орындарын ұсынатындығын көрсетті. Жұмыс іздеушілердің 75% айлығы 50 мың теңгеден төмен жалақыға, ал 100 мың теңге және одан жоғары жалақыға тек 2% жұмысқа орналасқан.

Сонымен қатар, бос орындар туралы ақпарат беру сапасы әлі күнге дейін төмен болып қалуда. Жұмыс берушілер бос жұмыс орындарының 2% жағдайында жалақы мөлшерін ұсынбаған, көбінесе ең төменгі жалақы деңгейін көрсетеді.

Жұмыс берушімен сұхбаттасу барысында өтініш берушіге жоғарырақ жалақы белгіленіп қалуы да мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.