Энергетика министрі баспасөз қызметінің өкілі Нұрлыбек Жеңісбек телеграм-каналында Қанат Бозымбаевтың неліктен қызметінен кеткенін айтты.
«Бозымбаев мырза ҚР Президентіне денсаулық жағдайы туралы айтты. Оның мойын омыртқасына ота жасалған. Осыған байланысты, дәрігерлердің нұсқаулығымен көлік және әуепойыздарымен жүруды қысқартуы керек. Сондай-ақ, дәрігерлер оған ұзақ физиотерапиялық қайта қалпына келу курстанынан өтуге кеңес берген. Министр өңірлерге салалық нысандарға, стансаларға және кен орындарына жиі сапарға шығады, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен және әріптестермен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен – ОПЕК, МАГАТЭ және т.б. келіссөздер жүргізу үшін жиі сапарға шығатыны белгілі», – деп түсіндірді Нұрлыбек Жеңісбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бүгін Қанат Бозымбаев азақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.