02-10-24 |
2750 рет қаралған
Бурабай курортынан 9 айда 1000 текше метрге жуық қоқыс шығарылды.
Бурабай курортынан 9 айда 1000 текше метрге жуық қоқыс шығарылды

2024 жылдың басынан бері 9 айда Бурабай курортындағы Абылай хан алаңы, Визит орталығы, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары сияқты ең танымал туристік жерлерден 1000 текше метрге жуық қоқыс шығарылды.

Бурабай курортындағы туристік нысандардың тазалығы мен абаттандырылуына атсалысып, жыл басынан бері 10 экологиялық акция өткізді. Абаттандыру жұмыстары аясында жалпы ұзындығы 960 метр ағаш көпірлер жөнделіп, ұзындығы 1456 метр металл қоршаулар сырланды, сондай-ақ велосипед пен жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы 328 жарық бағандары жөнделді. Күркіреме өзеніндегі (Громовая) және орталықтағы жаяу жүргіншілер көпірі монтаждалғанын айта кетейік.

Абаттандыру жұмыстары республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында жалғасын тауып отыр. Бұдан бөлек, жақын аймақтарды тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Визит орталық пен Абылай хан алаңы туристер арасында ең танымал орындар. Реконструкциядан өткен мультимедиялық интерактивті кешен күн сайын 500-ге дейін келушілерді қабылдауға дайын. Жыл басынан бері компания басқаратын туристік нысандарға шамамен 73 000 адам келді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.