01-04-19 |
4960 рет қаралған
Д. Тенді өлтіріп кеткен ауданнан Д. Баландиннің көлігінің айнасы ұрланды.
Д. Тенді өлтіріп кеткен ауданнан Д. Баландиннің көлігінің айнасы ұрланды

Алматыдағы Құрманғазы, Абылай хан және Байсейітова көшелерінің қиылысында жүзуден олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінен айнасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды arasha.kz порталы inAlmaty.kz-ке сілтеме жасап. 

Спортшы достарымен кафеде түскі ас ішіп отырған, кейін далаға шыққанда айнасын шешіп алып кеткенін байқап, полицияға шағымданған. Полиция келіп, протокол толтырған.

«Toyota Land Cruiser айдаймын, оны Олимпиададан кейін сыйлаған. Бір айнасы шамамен 400 мың теңге тұрады. Біз Денис Тенді өлтірген жерге жақын отырғанбыз. Адамдар әлі де айна ұрлайды, ашуың келеді. Халық өзгермейді», – деді Дмитрий Баландин.


Спортшы бір жыл бұрын да осындай оқиғаға тап болған. Ол кезде ұрылар автотұрақта тұрған көліктен айналарын шешіп кеткен. Полицейлер істі бақылауға алса да, кінәлілерді таппады.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан. Спортшы оларды көлігінің айнасын шешіп жатқан жерінен ұстап, қылмыстың алдын алуға тырысқан, алайда қылмыскерлер санынан пышақ сұғып, жарақаттап, соның салдарынан көп қан жоғалтып, қайтыс болды.

17 қаңтарда сот Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновті 18 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың сыбайласы Жанар Толыбаева төрт жылға колонияға жабылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.