Сотқа Қырғызстаннан Дамирбек Асылбекуулуның туыстары мен Қырғызстан парламентінен бірнеше депутат келді. Сот ашық өтіп жатыр.
Дамирбек Асылбекуулу 2018 жылы 15-16 ақпан күндері сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында өткен арнайы операция барысында ұсталған. Арнайы операцияда ұсталған 35 адамның арасында кеден органдары, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер болған. Ұсталғандардың үшеуі – Қырғызстан азаматы.
Бұл іс бойынша Асылбекуулунан өзге 11 адам сотқа тартылған.
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты 17 ақпанда Қырғызстан азаматтарын екі айға қамау туралы шешім шығарып, кейін қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Тергеу ұсталғандарды ұсталғандарды “шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды» және “трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты” деп күдіктенеді.
16 сәуірде Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы “өзге ел азаматтығын алған болуы мүмкін” деген себеппен Асылбекуулун депутаттық мандатынан айырған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты кім еді?
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Асылбекуулуның қазақстандық паспорты барын айтқан. Асылбекуулуның туыстары бұл мәліметті жоққа шығарып, қамауды біреулердің бұрынғы депутатпен «есеп айырысуы» деп бағалаған.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024