13-12-21 |
1720 рет қаралған
Дариға Назарбаева мен Бауыржан Байбек «Барыс» орденімен марапатталды.
Дариға Назарбаева мен Бауыржан Байбек «Барыс» орденімен марапатталды

Өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. 

 

«Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық, денсаулық сақтау салаларын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жазушы Ә.Әшімовке (Тарази), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Онкологиялық орталық» МКК бас дәрігері М.Төлетаевқа, Шығыс Қазақстан облысының «Қазмырыш» ЖШС бас директоры А.Хмелевке берілді.  

«Отан» орденін алғандар қатарында жазушы С.Досанов, еңбек ардагері М.Жолдасбеков, ақын А.Бақтыгереева, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Конституциялық кеңес төрағасы Қ.Мәми, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.Айдарбаев, «А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Б.Баймаханов, «Bazis Holding Сompany» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Белович, жазушы Д.Исабеков, Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр марапатталды.

І дәрежелі «Барыс» орденімен «Зенит» Орал зауыты» АҚ бас директоры В.Валиев, «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті А.Есенжолов, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Т.Есполов, «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Н.Абықаев, Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМКК филиалының директоры А.Қоразбаев, ENRC PLC компаниясының акционері – негізін қалаушы А.Машкевич, Парламент мәжілісінің депутаты Д.Назарбаева, еңбек ардагерлері: Н.Есенғарин, Қ.Сұлтанов, Т.Сүлейменов, З.Федотова;

ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «Концерн TNS-group» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Т.Жұмағұлов, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актері Н.Ыхтымбаев, ақын әрі жазушы В.Михайлов, «Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК мұғалімі Н.Покидова, «Саутс-Ойл» ЖШС президенті С.Сейтжанов, «Alanda Clinic» ЖШС директорының орынбасары С.Тоқпанов, ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, еңбек ардагері Ә.Тұяқов;

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен мәдениеттанушы К.Абаев, «Ұлттық банктің Банкноттық фабрикасы» РМК бас директоры Б.Әлжанов, парламент сенатының төрағасы М.Әшімбаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, еңбек ардагерлері: М.Байғұт, Ғ.Байназаров, Р.Түсіпбеков, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Е.Бахмутова, «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС директоры С.Жошыбаев, «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» ЖҚ атқарушы директоры Қ.Жұмабаев, Ұлттық ғылым академиясының академигі З.Дүйсенбеков бар. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 28 көрнекті өкіліне берілді. 

Белгілі ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Парасат» орденіне лайық деп танылды. 

ІІ дәрежелі «Достық» орденіне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Әзімова, «Kaspi.kz» АҚ басқарма төрағасы М.Ломтадзе ие болды.

«Құрмет» орденімен марапатталғандардың ішінде шахматшы Ж.Әбдімәлік, «Астана Опера» «Мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ бас дирижері А.Бөрібаев, «Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжі» МКҚК жетекшісі А.Есләмова, «Жекпе-жек өнерінің Ассоциациясы» ЗТБ президенті Б.Ыстыбаев, Жамбыл облысының «И.Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі Н.Қаймалақова, «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҰЗИ» РМК лабораториясының меңгерушісі А.Наханов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат балқытушысы В.Пастух, Павлодар қалалық «Дарынды балаларға арналған №3 гимназия» ММ директоры Қ.Құспекова, Шымкент қалалық «№1 қалалық клиникалық аурухана» МҚК дәрігері Ж.Сүйгенбаев, режиссер Қ.Омаров бар.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені өндіріс, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да материалдық өндіріс салаларының 105 жұмысшысы мен еңбеккеріне берілді.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 553 адам марапатталды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.