Әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева ұлының туған күніне орай құттықтаулар жолдаған жанкүйерлерге жүрекжарды алғысын білдірді.
«Ақ Дикомды құттықтап жатқан баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін! Сіздердің ақ тілектеріңіздің, баталарыңыздың арқасында қайда жүрсе де аман жүреді деп сенемін! Алла разы болсын! Ұрпақтарыңыздың қызығына бөлене беріңіздер!» – деп жазды ол.
Сондай-ақ, Светлана Айтбаева ерекше алғысын Димаштың шетелдегі жанкүйерлеріне – #Dears қауымдастығына арнады.
«Ерекше алғысымды қадірлі #dears сіздерге айтқым келеді, біздің елге деген құрметтеріңіз үшін, біздің отбасымызға деген ілтипаттарыңыз үшін, біздің Димашымызға деген махаббаттарыңыз үшін мың алғыс!» – деді ол.
Димаш Құдайберген 24 мамырда 31 жасқа толды. Әншіні әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер құттықтап, әлеуметтік желілерде мыңдаған жылы лебіздер қалдырды.