20-11-18 |
6850 рет қаралған
Димаш Құдайберген Лондонда Денис Тенге ән арнады.
Димаш Құдайберген Лондонда Денис Тенге ән арнады

Дүйсенбі, 19 қараша күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында Димаш Құдайбергеннің жеке шығармашылық концерті өтті. 2800 орындық «Indigo at the O2» концерт залына 45 елден тыңдармандар мен табынушылар келген.
«Indigo at the O2» концерт залы лық толып, қазақстандық әншінің табынушылары әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды. Барлығы 45 елден тыңдармандар келіпті.

Димаштың концерті басталмай тұрып-ақ концерт залының алды келушілерге лық толыпты. Әншінің табынушылары әлеуметтік желіге Димашты тағатсыз күтіп тұрғандарын айтқан.

Концерт екі сағатқа созылып, кеште әнші қазақтың көптеген әндері мен қатар қытайдың «I am a singer» жобасында шырқаған әндерін де орындаған.

Концерт барысында Димаш Құдайберген белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, марқұм Денис Тенді де еске алып, «Adagio» әнін Денистің құрметіне шырқады.

Естеріңізге салсақ, дүниеден озған қазақстандық спортшы Денис Тен ауыр жарақаттан кейін Димаш Құдайберген орындайтын «SOS d’un terrien en détresse» әніне би билеп, бірнеше байқауларға қатысып, спортқа қайта оралған еді. Алайда, үстіміздегі жылдың маусым айында Д. Тен көлік тонаушылардың қолынан қаза тапты.

Димаштың концерті Қазақстанның Ұлыбританиядағы мәдени күндері аясында еліміздің Мәдениет және Спорт Министрлігі, Қазақстаның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі елшілігінің қолдауымен ұйымдастырған.

Концерттің билеттерін сатудан түскен қаражат халықаралық байқаулар мен концерттерге қатысатын Қазақстанның жас дарындарын қолдауға жұмсалады.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.