Күдіктінің аты-жөні айтылмайды. Оның 32 жастағы Иран азаматы екені, Германия батысындағы Кастроп-Рауксель қаласында тұрғаны белгілі. Оның радикалды діни ағым мүшесі екені айтылады. Полиция онымен бірге бір пәтерде болған тағы бір адамды ұстаған. Рицин адамдарды жаппай жоятын қару түріне жатады.
Bild басылымының мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі федералдық ведомство күдіктіні бірнеше күн бойы бақылаған. Теракт әзірленіп жатқаны жөнінде ақпарат немістің күштік құрылым өкілдеріне «достық ниеттегі елдің арнайы қызметінен» түскен.
Deutsche Welle жазуынша, төрт жыл бұрын Германия полициясы Кельнде Тунис азаматы мен оның неміс әйелін ұстаған. Олар пәтерлерінде өз бетінше рицин әзірлеп, жарып көрген. Дүкеннен көп майкене дәндерін сатып алғаннан кейін ерлі-зайыпты арнайы қызметтің назарына іліккен. Олар кейін ұзақ жылға сотталды. Сарапшылар олар өндірген рицин 13,5 мың адамды өлтіре алатын еді деген қорытындыға келген.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024