10-11-22 |
2200 рет қаралған
Голливуд актеры Шон Пенн Зеленскийге «Оскарын» сыйлады.
Голливуд актеры Шон Пенн Киевте Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесті. Пенн Зеленскийге өзіне берілген «Оскар» мүсінін сыйлады. Актер сыйлықты Украина жеңісіне сенім мен үміттің символы деп атады. 

Владимир Зеленский өзі әртіс болып жүрген кезде «Оскар» орындалмас арманы болғанын айтып, Украина жеңіске жеткеннен кейін сыйлықты актерға қайтарып беруге уәде етті. 

Зеленский сонымен бірге Пенді украин халқына қолдау көрсеткені үшін үшінші дәрежелі «Қызметі үшін» орденімен марапаттады. 

Соғыс басталғалы бері Шон Пенн осымен Киевке үшінші рет келіп отыр. 2021 жылы күзде ол Украинадағы саяси күрес туралы деректі фильм түсіре бастаған. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін де түсірілімді тоқтатпаған: ол АҚШ-қа 2022 жылы наурызда ғана ұшып кеткен. Ізінше түсірілімді жалғастыру үшін Украинаға жазда келген. Ол сұхбаттарында украин халқын қолдап, Ресей агрессиясын айыптаған, Америка билігін Украинаға әскери көмекті арттыруға шақырған. 

Шон Пенн – америкалық актер, кинорежиссёр және продюсер. Ол екі рет «Оскар» сыйлығына ие болған. Одан бөлек, Канн, Венеция, Берлин фестивальдарының жеңімпазы атанған. Пенн азаматтық еркіндікті қолдаған саяси белсенді. 
Қыркүйекте Ресей СІМ Шон Пенн және әріптесі, актер Бен Стиллерді Ресейге кіруіне тыйым салған азаматтар тізіміне енгізген. 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.