Украинаның төрт облысының Ресейге қосылғаны туралы заң жобасы мемлекеттік думаға түсіп, алғашқы оқылымы өтті. Заң жобасына жазылған түсініктемеде «кейінгі кездері Қырым мен Курил аралдарының және басқа да кейбір аймақтардың Ресей жері екеніне күмән келтіретін карталар мен өзге де суреттер жиі тарай бастады» деп жазылған.
Заң жобасында мұндай карталарды таратқан жеке тұлғаларды 15 тәулікке дейін қамап, заңды тұлғаларға 1 миллион рубльге дейін айыппұл салу көзделген.
Курил аралдарына Жапонияның таласы бар. Екі ел арасындағы бұл дау екінші дүниежүзілік соғыстан бері жалғасып келеді. СССР Жапонияға екі аралды беруге дайын екенін мәлімдеген, ал Ресей ешқандай келісімге келмейтінін айтып отыр.
2014 жылы Ресей Украинаның автономиялы Қырым республикасы мен Севастополь қаласын аннексиялаған.
2022 жылы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарын аннексиялаған. Аталған облыстардың Қырымнан өзгесі Ресей әскерінің толық бақылауында болған емес. Ресей қазір өз шекарасы ретінде көрсетіп отырған сызықтың өзі қай жерден өтетіні де түсініксіз. Ресей шенеуніктері шекара сызығы деп Украина облыстарының аннексияға дейінгі сызықтарын айтатыны байқалады. Ресейдің Украиана жерін аннексиялағанын халықаралық қауымдастық қатаң айыптаған.
2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін жарияланған Қазақстанның мектеп оқулықтарында Қырым Ресей субъектісі деп көрсетіліп, кейіннен Біріккен ұлттар ұйымында мойындалған шекара бойынша қайта түзетілген.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024