arasha.kz

Досым Сәтпаев: Президент жаңа, проблемалар ескі, ал қоғам қазір басқа

фото: informburo.kz

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев Арыс қаласында болған жарылыстарға қатысты  әлеуметтік желіде пікір білдіріп, елдегі қауіпсіздікке алаңдаушылығын жеткізді.

«Біздің еліміз тұтас бір ылғи жарылатын қару-жарақ қоймасы сияқты. Жарылыстар, тасқын, біресе ана жерде, біресе мына жерде өрт. Оның көбі біздің қауіпсіздігімізге жауап беретіндердің кінәсі мен немқұрайлығының кесірінен. Оқ-дәрі салынған бөшкеде отырғандаймыз. Келесі жолы қай жерде жарылып, қай жерде су басатыны белгісіз. Сондай-ақ мемлекеттің салғырттығы мен немқұрайлығы артынан өздері зардап шегетін салық төлеушілердің есебінен болып жатыр. Мемлекеттік құрылымдардың өз азаматтарының қауіпсіздігіне немқұрайлылығына қарап, бізге сырттан жау керек емес екенін түсінесің. Бәрін өздері-ақ қиратады. Президент жаңа. Проблемалар ескі. Ал қоғам қазір басқа. Өз азаматтарына ұқыптылықпен және құрметпен қарауды талап етеді және жедел құтқарып, уақытылы, әрі шынайы ақпараттандырып отыруды қалайды», -дейді саясаттанушы.

Exit mobile version