Арғынбековке “тыйым салынған ұйымның ісіне араласты” деген айып тағылған.
Сот үкіміне сәйкес, Арғынбеков бір жыл уақыт аралығында пробациялық бақылауда болады. Осы уақыт аралығында ол жүз сағат жұмыс істеуі тиіс және тұрақты мекені мен жұмыс орнын алдын-ала ескертпей өзгертпеуі керек. Сот сонымен бірге Арғынбековке әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен сайттарда жазба жариялап, пікір қалдыруға және лайк тастауға шектеу қойды.
Қарай отырыңыз: «ҚДТ-чаты» үшін істі болған Ақбердиеваның соты басталды
24 қазанда дәл осындай айыппен Семей тұрғыны Фарит Ишмухаметовтың бостандығы бір жылға шектелген. Қыркүйек айының соңында Орал соты сол айыппен белсенді Бакиза Халелованың да бостандығын шектеген. Сот үкіміне сәйкес, бұл азаматтар әлеуметтік желіні еркін қолдана алмайды.