24-10-18 |
1580 рет қаралған
Джордж Сорос үйінің алдынан жарылғыш зат табылды.
АҚШ-тың Нью-Йорк штатында миллиардер Джордж Соростың үйі алдындағы пошта жәшігінен жарылатын зат табылды.

New York Times газетінің жазуынша, күдік тудырған пакетті Сорос қызметкерлерінің бірі байқаған. Ол пакетті ашып, онда жарылатын зат бар деген оймен оны ашық алаңқайға апарып, полиция шақырған. Полицияның хабарлауынша, мамандар пакетте расымен де жарылатын зат болғанын анықтап, оны залалсыздандырған.

Джордж Сорос қаржыгер ғана емес, филантроп әрі қоғам қайраткері ретінде де танымал. Ол либералдық демократияны қорғауға үлес қосып, ұлтшылдық пен оңшыл популизмге қарсы шығып жүр. Ол мигранттар мен басқа да азшылық топтар құқығын қорғаумен айналысатын бірнеше коммерциялық емес ұйымды қаржыландырады. Еуропа мен АШ-тағы оңшыл саяси күштер Соросты қатты сынайды. Соростың өзі туған Венгрияда тіпті «Соросты тоқтат» деген атпен белгілі, коммерциялық емес ұйымдар қызметін шектейтін заң қабылданған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.