04-12-18 |
1260 рет қаралған
«Единая Россия» билік партиясын жақтаушылар мен сынаушылар саны теңескен
.
Ресейлік «Единая Россия» билік партиясын жақтаушылар мен сынаушылар саны теңесіп қалды. «Левада-Центр» жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, жауап бергендердің 47 пайызы партия жұмысын қолдайды, 44 пайызы – құптамайды.

Әлеуметтанушылардың айтуынша, президент Владимир Путиннің жұмысын жақсы деп бағалағандардың 65 пайызы «Единая Россия» партиясын жақтайды. Путинді айыптағандардың 83 пайызы билік партиясының жұмысына разы емес.   

Жауап бергендердің үштен бірінен көп адам (38 пайыз) «Единая Россия» елдегі ахуал нашарлап кеткен соң қыркүйектегі сайлауда жеңілді» деп санайды. 29 пайыз адам «дауыс беруге келгендердің билік жұмысына көңілі тоймайды» деп ойлайды.

Әрбір төртінші азамат «Единая Россия» партиясының жергілікті өкілдеріне төмен баға берген.

Биыл қыркүйекте өткен сайлауда «Единая Россия» партиясы орта есеппен 49 пайыз дауыс жинаған. Бірнеше өңірде партия көпшілік дауысқа ие болған жоқ. Губернаторлар сайлауының екінші турында төрт өңірде «Единая Россия» кандидаттарының ешбірі жеңе алмады.

Биыл қазанда «Қоғамдық пікір» қоры «Единая Россия» рейтингі 11 жылдан бергі – партиялар рейтингін есептеу басталған сәттен біргі ең аз шамаға түсті» деп хабарлаған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.