Египет Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) 4 қараша күні мәлімдеуінше, Минья провинциясынан батысқа қарай шөлейт аймақта өздерінің қауіпсіздік күштері содырлардың ізіне түсіп, 19 содырдың көзін жойған. Хабарламада қауіпсіздік күштері қызметкерлерінің қаза тапқаны немесе жараланғаны туралы айтылмайды.
Шабуылды «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды. ИМ мен онымен байланысты топтар бұған дейін де Египеттегі копт христиандарына шабуыл жасағандарын мәлімдеген. Египетте алты миллионға тарта копт христиандары бар.