04-11-18 |
920 рет қаралған
Египеттік Миг-29 истребителі құлады.
Египет әуе әскери күштерінің МиГ-29 истребителі басқару жүйесіндегі ақау себебінен құлады деп хабарлайды “Интерфакс” агенттігі Египет армиясының ресми ақпарат көзіне сілтеме жасап. Бұл ақпаратты растаған Египеттің қорғаныс министрлігінің айтуынша, ұшақ сенбі күні жаттығу кезінде апатқа ұшыраған. Ұшқыш катапультаны ойдағыдай басқарып, апаттан аман-есен шыға алған.

Біріккен авиақұрылыс корпорациясы да апаттың болғанын растады. МиГ-29М/М2 истребительдерін алу жөнінде келісім-шарт – Египеттің соңғы бес жылда авиация саласында қол қойған ең ірі құжаттарының бірі. Ресейлік БАҚ хабарлауынша, 46 ұшақ үшін Египет 2,5 миллиард доллар төлеген.

МиГ-29М/М2 истребительдері Египетке 2017 жылдың көктем айларынан бастап жеткізіле бастаған. 2020 жылға қарай аяқталуы тиіс.

МиГ-29М/М2 – атақты МиГ-29 истребителінің ең жетілген платформасы. Жаңа машинада соңғы үлгідегі радиоэлектронды құрылғылар мен жаңа двигатель орнатылған. Истребительдің бұл түрі 2000-ші жылдары кемеге қонатын МиГ-29К/КУБ ұшақтарын дамыту кезінде пайда болған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.