13-03-21 |
1660 рет қаралған
Елімізде дәрігерлер 200-800 мың теңге жалақы алады.
Елімізде дәрігерлер 200-800 мың теңге жалақы алады

Қазіргі уақытта қазақстандық медицина қызметкерлері 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тілшілерге берген сұқбатында айтты.

«Өткен жылы медициналық қызметкерлерге 113 млрд теңгеден астам көлемде әлеуметтік төлем жасалды. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Министр мәліметінше, былтыр дәрігерлердің жалақысы 30% артқан.

«Осыған байланысты республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы бізді қолдады. Жыл өткенн сайын дәрігерлердің жалақысы өседі, бұған қатысты мемлекет тарарынан қолдау бар», – дейді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.