04-08-22 |
2420 рет қаралған
Елімізде міндетті телеарналар тізімінен екі арна алынып тасталды.
Елімізде міндетті телеарналар тізімінен екі арна алынып тасталды

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі бұйрығымен Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Zakon.kz агенттігінің мәліметінше, халыққа тегін хабар тарататын екі жаңа арна (Kazakh TV және Almaty) тізімге қосылып, екеуі алынып тасталды (НТК және СТВ).

Сонымен міндетті тізімге 15 телеарна кіреді:
• QAZAQSTAN
• Хабар
• Хабар 24
• BALAPAN
• ABAI TV
• QAZSPORT
• Kazakh TV
• МИР
• Астана
• Almaty
• Еуразия бірінші арнасы
• КТК
• 31 арна
• Жетінші арна
• El arna
Сонымен қатар «Ел арна» телеарнасы атауын El arna деп өзгертті.
Бұйрық 2022 жылғы 4 тамыздан бастап күшіне енеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.