Қазгидромет 9, 10 және 11 наурызға арналған еліміздегі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz. Қазақстанның кей өңірлерінде қарлы жаңбыр күтілуде. Жел күшейеді.
Синоптиктердің болжамынша, Екатеринбург аймақтарынан қозғалған циклон республиканың басым бөлігіне жауын-шашын әкеледі.
10 наурызда Оңтүстік Қазақстанда қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын болады деп болжануда. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Бейсенбіде батыс аймақтарға Солтүстік-Батыс антициклонның салқын ауа массаларының келіп, температураның төмендейді.
Сонымен қатар, метеорологтер 9 наурызға арналған дауыл туралы ескерту жариялады.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, секундына 15-20 метр болатын ел соғады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Ақтөбеде түнде бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады.
Көкшетауда жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін соғады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтауда 9 наурызда көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Петропавлда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.