11-10-24 |
5570 рет қаралған
Елдің солтүстігіне алғашқы қар түсті.
Елдің солтүстігіне алғашқы қар түсті

Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың алғашқы қары түсті. Осыған орай өңір жолшылары республикалық автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына кірісті.

Жолшылар қар жамылғысын тазарту және жол бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмыстарын жүргізуде.

Республикалық маңызы бар
А – 16 «Жезқазған – Петропавл»;
А – 21 «Мамлютка – Қостанай»;
А – 1 «Астана – Петропавл»;
Р-67 «Петерфельд – Архангелька – Новокаменка – А16»;
М-51 «Челябинск – Новосибирск»;
Р-49 «Петропавл қаласының айналма жолы»;
А-12 «Петропавл – Соколовка – Ресей Федерациясының шекарасы»
жолдарында қысқы күтіп-ұстау жұмыстары атқарылуда.

Жоғарыда аталған учаскелерде 35 бірлік техника: 30 КДМ, 2 ЗИЛ, 2 автогрейдер және 1 МТЗ тракторы жұмылдырылды. Қар мен желге қарамастан жұмыстар жалғасып жатыр.

Республикалық маңызы бар жолдарды қолданушылар қыс мезгілінде алыс сапарға аттанарда көлікті әбден дайындауы қажет. Күн райының бұзылуы мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты жазғы автомобиль шиналарын қысқы шиналарға ауыстыру маңызды. Алыс сапарға аттанар алдында көліктің техникалық жай-күйін және жанармай мөлшерін тексеру керек. Ауа-райы күрт нашарлағанда жол қозғалысы ережелерін қатаң түрде сақтаған абзал. Көлікте қалың киім мен медициналық алғашқы көмек қорапшасы болуы керек. Ауа-райы болжамын жіті қадағалап, дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдау қажет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.