arasha.kz

Елден қуылған Виктория Шарбонуға Қазақстан ықтияр хаты берілді

Жамбыл облыстық сотының апелляциялық коллегиясы АҚШ азаматы Виктория Шарбонуға Қазақстан ықтияр хатын қайтару туралы шешім шығарды.

Виктория Шарбону Таразда жетім балаларға көмектесетін қор құрған болатын.

3 мамырда Тараздың мамандандырылған әкімшілік соты Виктория Шарбонуды елден кетуге және бес жыл бойына Қазақстанға келуге тыйым салу туралы шешім шығарған. Мұндай шешім шығарудың себебі ықтияр хат алуға анкета толтыру кезінде қате жіберген болып шықты.

Сөйтіп, 8 мамырда Виктория Шарбону елден қуылып, Бішкекке барады. Осыдан кейін АҚШ азаматының адвокатының арызымен іс қайта қаралып, 30 мамырда жоғарғы сот  Шарбонудың депортациялау туралы шешімді алып тастады да, АҚШ азаматы шілдеді Таразға қайтып келді.

Exit mobile version