14-06-22 |
1590 рет қаралған
Еңбек заңнамасына тексеру жүреді.
Еңбек заңнамасына тексеру жүреді

Қазақстанда еңбек заңнамасына тексеру жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылды.

«Еңбек заңнамасын жетілдіру мәселесі ҚР Үкіметі жанындағы әлеуметтік серіктестік, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырыстарында тұрақты түрде қаралады. Жалпы еңбек заңнамасын жетілдіру жұмыстары үнемі жүргізеді», – деді вице-премьер жауабында.

Оның атап өтуінше, 2020 жылы «Еңбек мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулермен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданып, кәсіби тәуекелдерді бағалау және басқаруға негізделген еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу бойынша бірқатар өзгерту мен толықтыру енгізілген.

«Нәтижесінде ескерту, алдын алу және өтем іс-шараларын қамтитын жұмысшының денсаулығын қорғаудың ескертпелі шараларын қабылдауды қамтамасыз ету үшін кәсіби тәуекелдерді бағалау және басқарудың үздіксіз процесі қамтамасыз етілді. Әлеуметтік серіктестердің пікірлерін жан-жақты қарау және есепке алу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан еңбек заңнамасының құқық қолдану тәжірибесіне сараптама жасау жөніндегі жұмыс тобы құрылды», – деді ол.

Ералы Тоғжановтың дерегінше, жұмыс тобының құрамына салалық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақтар мен ірі кәсіпорындардың өкілдері кірді. Сонымен қатар топ құрамына Мәжіліс депуттары да шақырылатын болады.

«Аталған жұмыс тобы еңбек заңнамасының жұмысшылардың мүддесіне және олардың еңбек құқықтарының қорғалуына сәйкестігіне тексеру жүргізеді», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.