Сенбі, 27 қазан кешке қарай гранатасы бар ер адам Армения үкіметі ғимаратының ішіне енуге тырысқан. Полиция қызметкерлері оны ұстаған.
Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, ер адамды ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері тергеген.
Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.