16-10-18 |
2160 рет қаралған
Эр-Рияд журналистің «жоғалуы» туралы баяндама дайындап жатыр
.
Сауд Арабиясының билігі оппозициялық журналист Жамал Хашоггидің «күтпеген жерден» болған тергеу кесірінен қайтыс болғанын мойындайтын баяндама дайындап жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі аты-жөнін атамаған екі дереккөзіне сілтеме жасаған CNN-нің ақпаратына сүйеніп хабарлады. 

Дереккөздің бірі құжат әлі дайындалып жатқанын және оның мазмұны өзгеруі мүмкін екенін айтады. Екінші дереккөздің сөзінше, баяндамада журналисті ұстау және тергеу операциясының рұқсатсыз жүргізілгені және кінәлілердің жауапқа тартылатыны туралы мәлімет болмақ.

15 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының королі Салманмен телефонмен сөйлескенін және журналиске қатысты жағдайды талқылау үшін Эр-Риядқа мемлекеттік хатшы Майк Помпеоны жібергенін мәлімдеген. Трамптың сөзінше, король Салман журналистің жоғалуына қатысы барын жоққа шығарып отыр.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.