arasha.kz

Ералы Тоғжанов: Жер шетелдіктерге берілмейді

Жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Оның айтуынша,  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу туралы саяси шешімі арнайы заң жобасы ретінде Парламенттің қарауына 12 наурызда енгізілді. Заң жобасының бірінші оқылымы Мәжілісте 7 сәуірде өтеді.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов әлеуметтік желілерде заңға қатысты түсініспеушіліктер бар екенін атап өтті. Ол жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылданып, мәселеге нүкте қойылғанын айтты.

Exit mobile version